Фотo

Тоқаев Алматыға сапарында қандай нысандарды аралады – фото

©
Photo : ҚР президентінің ресми сайты

  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қарашада жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Президенттің жұмыс сапары қаржы секторының өкілдерімен кездесуден басталдыhttps://sputnik.kz/images/07e5/0b/13/18704791.jpgSputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/i/logo.pngSputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/i/logo.pnghttps://sputnik.kz/photo/20211119/18704200/toqaev-almaty-sapar-foto.html

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қарашада жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Мемлекет басшысының жұмыс сапары қаржы секторының өкілдерімен кездесуден басталды

    Мемлекет басшысының Алматыдағы резиденциясында өткен жиынға президент әкімшілігінің басшылық құрамы, мемлекеттік органдардың, ірі қаржы құрылымдары мен банктердің басшылары қатысты.

    Жиын кезінде мемлекет басшысы айтқан өзекті міндет – ұлттық қор нарығын дамыту. Оның айтуынша, отандық қор нарығы тұрғындардың қаражатын жинайтын сенімді баламалы құралға айналуы қажет.

    «Отандық қор нарығы үшін 2022 жылы жекелеген ұлттық компаниялардың Халық IPO бағдарламасына енуі маңызды оқиға болмақ. Агенттік пен Ұлттық банк Самұрық-Қазына мен Үкімет жүргізіп жатқан жұмысқа белсенді түрде атсалысуы қажет», – деді президент.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы Алматыда жаңадан ашылған әлеуметтік қызмет көрсету үйіне барды. Нысанды мемлекет басшысына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев таныстырды.

    Сапар барысында президент 1970 жылы өзі бітірген Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектеп-гимназиясына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев кезінде өзі оқыған сыныпқа кірді. Қазіргі уақытта бұл кабинетте француз тілі оқытылады.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа 1970 жылы 10 «В» сыныбының атынан өзі жазған хат көрсетілді. Бұл хат уақыт капсуласына салынып, мектеп қабырғасына қаланған екен.

    «Біздің атқарған ісіміз аз емес, дегенмен әлі де жұмыс көп. Біз 10-сыныпты жақсы бітіруге уәде береміз. Институтқа түсу емтихандарын жақсы тапсыруға уәде береміз. Ал оны бітірген соң жұмыс істейміз. 2017 жылы 64-65 жасқа толған кезімізде сіздердің көздеріңізге тік қарауға ұялмайтындай болып келуге уәде береміз», деп жазылған хатта.

    Толығырақ Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

    Дереккөз

    Теги

    Похожие статьи

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Кнопка «Наверх»
    Закрыть
    Закрыть