Фотo

Ніл жағалауындағы мереке: сфинкстер аллеясы туристер үшін қайта ашылды – фото

©
REUTERS / Mohamed Abd El Ghany

  • Луксор ғибадатханасының алдындағы алғашқы сегіз сфинкс мүсінін 1949 жылы мысырлық археолог Закария Гинеим тапты.https://sputnik.kz/images/07e5/0b/1d/18777905.jpgSputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/i/logo.pngSputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/i/logo.pnghttps://sputnik.kz/photo/20211202/18791242/mereke-sfinkster-foto.html

    Мысырдың ең көрікті қалаларының бірі Луксорда «Құдай жолының» ашылу салтанаты өтті. Бұл жолдың өн бойында көне мысырлық фараондардың мәңгілік мекенін күзетушілер – сфинкстер орын тепкен. Тылсымға толы мерекенің қалай өткені туралы суреттер топтамасынан көре аласыз

    Реставрациядан кейін Сфинкстер аллеясының ұзындығы үш километрге жуықтады. Оны мыңнан астам ежелгі мүсіндер «күзетіп тұр».

    Жол біздің дәуірімізге дейінгі 380-362 жылдары билік еткен 13-ші династиядан шыққан Нектанеб I перғауынның тұсында салынған. Аллея Луксор ғибадатханасын солтүстікке қарай, Ніл өзенінен сәл жоғары орналасқан Карнак ғибадатханасымен байланыстырады.

    Ежелгі уақытта бір ғибадатханадан екіншісіне жеткізетін жолдың бұл бөлігін «Құдай жолы» деп атаған. Көп ғасыр бұрын мысырлық билеушілердің салтанатты шерулері осы қасиетті аллеямен жүріп өткен және діни мерекелер ұйымдастырылған.

    Бетін құм жауып, адам жанарынан жасырын қалған көне мүсіндерді археологтар анықтағанға дейін талай ғасыр өтті.

    Мысырдың әйгілі көрнекі нысанында 2010 жылдан бері қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатты. Енді ол туристер үшін қайта ашылды.

    Ежелгі Сфинкстер аллеясының ашылу салтанаты қалай өткенін суреттер топтамасынан көріңіз.

    Дереккөз

    Теги

    Похожие статьи

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Кнопка «Наверх»
    Закрыть
    Закрыть