Фотo

Әлемдегі ең ірі астрофотография байқауының жеңімпаздары анықталды – таңғажайып суреттер

©
Photo : Göran Strand / Royal Observatory’s Astronomy Photographer of the Year 13

  • «Ай шеңбері» – фотографтың -16 градус температурада түсірген фотосы. Ауа ұсақ мұз кристалдарына толып, дәл осындай фото түсіруге мүмкіндік берді. Мұндай шеңбер әдетте Күн айналасында жиі кездеседі. Ал оны ай сәулесінде көру үшін ол барынша жарық болуы керек. Көп жағдайда ай толған кезде көрінеді. Эстерсунд, Лен Ямтланд, Швеция.https://sputnik.kz/images/07e5/09/14/18180548.jpgSputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/i/logo.pngSputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/i/logo.pnghttps://sputnik.kz/photo/20211002/18293571/astrofotografiya-foto.html

    Insight Investment Astronomy Photographer of the Year 2021 әлемдегі ең ірі астрофотография байқауының жеңімпаздары анықталды. Егер сіз ғарыштың, жұлдыздар мен планеталардың ерекше көрінісін ұнатсаңыз, Күн жүйесінің «отбасылық суретін» көргіңіз келсе, фотолентаны қараңыз

    Гринвич обсерваториясы жыл сайын өткізетін Astronomy Photographer of the Year байқауының жеңімпаздары түсірген ең керемет және әсерлі фотоларды қазылар алқасы таңдады.

    Биыл байқауға 75 елдің фотографтары қатысып, 4 500-ге жуық жұмыс түсті.

    Қатысушылар «адамдар және ғарыш», «полярлық шуақ», «Галактикалар» «Біздің ай», «Ғаламшар, комета және астероидтар», «жұлдыздар мен тұман», «аспан суреттері», «жас астрофотограф» номинациялары бойынша үздік астрофотограф атағы үшін жарысты.

    Сонымен қатар бұл кәсіпті енді бастағандарға арнайы сыйлық табысталды.

    Жұлдызды аспанның керемет көрінісі, полярлық шуақ, алыс галактикалар – байқау жеңімпаздарының үздік кадрларын біздің фотолентадан тамашалаңыз. 

    Оқи отырыңыз: 

    • Тәтті мекен: Сингапурде балмұздақ музейі ашылды – фото
    • Дауыл, тасқын, өрт: Жер бетіндегі климат өзгерісінің зардабы қандай – фото
    • Жұлдыз жауған түн: әлемнің әр түкпірінен түсірілген таңғажайып суреттер

     

    Дереккөз

    Теги

    Похожие статьи

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Кнопка «Наверх»
    Закрыть
    Закрыть