Фотo

Сингапурде Қазақстанға арналған көрме өтті – фото

©
REUTERS / LORIENE PERERA

  • Сингапурдегі Gardens by the Bay («Бұғаз жанындағы бақшалар») оранжереясында ерекше көрме ашылды. Көрме ұйымдастырушыларының қатарында Қазақстан елшілігі де барhttps://sputnik.kz/images/07e5/0a/0b/18372893.jpgSputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/i/logo.pngSputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/i/logo.pnghttps://sputnik.kz/photo/20211014/18403751/singapur-qazaqstan-korme-foto.html

    Сингапурдегі Gardens by the Bay ғимаратында жүз мыңдаған қызғалдақтың хош иісі аңқып тұрғандай. Мұнда Қазақстан көрме өткізіп жатыр

    Сингапурлықтар мен жалпы туристер үшін танымал орын саналатын Gardens by the Bay («Бұғаз жанындағы бақшалар») саябағы көздің жауын алатындай көрікті гүлдерге толды. Мұнда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған «Тюльпаномания» көрмесі өтіп жатыр.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан қызғалдақтардың ежелгі отаны екенін насихаттау көрменің басты мақсаты болып отыр. Себебі алдымен Таяу Шығысқа, кейіннен Еуропаға қызғалдақ дәл осы қазақ даласынан жөнелтілген.

    Gardens by the Bay шыны күмбезінің астына Жібек жолы базарлары, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің макеті, қазақ киіз үйі жайғастырылды. Киіз үй осы көрме үшін арнайы әзірленіп, Сингапурге арнайы рейспен жеткізілді.

    Саябақ жетекшісі Феликс Лоудың айтуынша, аралдағы карантиндік шектеулерді есепке алғанда, көрмеге келушілер саны 200 мыңға жетуі әбден мүмкін.

    Қазақстанның Сингапурдегі елшісі Аркен Арыстанов «Тюльпаноманияның» ашылу салтанатында бұл көрме екі ел арасындағы ынтымақтастыққа айрықша реңк беріп қана қоймай, Қазақстанды Жібек жолындағы маңызды буын және мәдениеті, дәстүрі мен рухы бай мемлекет ретінде танытуға ықпал етеді.

    Дереккөз

    Теги

    Похожие статьи

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Кнопка «Наверх»
    Закрыть
    Закрыть