Фотo

Ерекше түйсік иелері: төрт аяқты достардың суреттері

©
REUTERS / P. RAVIKUMAR

  • Төрт аяқтылар ондаған мыңжылдық бойы адамзатпен бірге етене тіршілік етіп келеді. Оларды адалдық эталоны деп атауға болады. Суретте: Үндістандағы нөсер кезінде ер адам дірілдеген таксаны сырт киімінің ішіне тығып жатырhttps://sputnik.kz/images/07e5/0b/10/18671317.jpgSputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/i/logo.pngSputnik Қазақстанhttps://sputnik.kzhttps://sputnik.kz/i/logo.pnghttps://sputnik.kz/photo/20211202/18806750/tort-ayaqty-dostar-foto.html

    Бүгінде қоғамды ит пен мысық немесе басқа да үй жануарынсыз елестету мүмкін емес. Оларды иелері өз баласындай еркелетіп, жоғары деңгейде қамқорлық танытуға дағдыланған

    Бұрынғы уақытта үйдегі кеміргіштермен күресу және үй-ауланы күзеті үшін ғана қажет болған жануарларды қазір үйдің қақ төрінен кездестіруге болады. Кейбір иелері оларға арнайы киіп тіктіріп, сән көрсетіліміне де қатыстырады.

    Сонымен қатар күздің соңғы күнінде үй жануарларының күнін атау әдетке айналған. Бұл бейресми мереке әлемнің көп елінде аталады. Дата адам баласына өз қамқорлығына алған жануарларға қамқорлықпен қарауды еске салады.

    Жануарлардың құқығын қорғау және оларға қатысты зорлық пен қатыгездікті жазалау мәселесі әлі де өзектілігін жойған жоқ. Қазіргі уақытта әлемнің түкпір-түкпірінде осы тақырыпта түрлі акциялар, флешмобтар мен қаражат жинау шаралары өтуде.

    Мұндай шаралар адам баласын аң-құс пен жан-жануарға мейірімділік танытуға, оларды жақсы көруге және қамқорлық танытуға үгіттейді. Бұл, әсіресе, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аса маңызды.

    Дереккөз

    Теги

    Похожие статьи

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Кнопка «Наверх»
    Закрыть
    Закрыть