Спoрт

Махмұд Сабырхан да әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Махмұд Сабырхан үндістандық Акаш Кумарды ұтып, әлем чемпионатының финалына өтті

Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. 

Белградта бокстан әлем чемпионатының 1/2 финалының жекпе-жектері жалғасып жатыр. 54 келі салмақ дәрежесі бойынша жартылай финалда қазақстандық Махмұд Сабырхан қарсыласынан басым түсті. Ол үндістандық Акаш Кумарды ұтып, әлем чемпионатының финалына жолдама алды. 

Бұл Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы екінші финалы болып саналады. Осыған дейін 48 келіде Теміртас Жүсіпов финалға шыққан болатын. 

Белград шаршы алаңында финалдық жолдаманы сарапқа салу үшін Қазақстан сапынан тағы үш спортшы шығады. Олар: Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов және Сәкен Бибосынов.

Оқи отырыңыз:

  • Қазақ боксшысының нокауты Халықаралық бокс қауымдастығын таңдандырды – видео
  • Жүсіпов жеңген жекпе-жек төңірегінде жанжал туындады – видео
  • Қазақ боксшысы өзбекстандық кәсіпқойдан басым түсті – видео  

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть