Спoрт

Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды

Қазақ боксшысы жартылай финалда жапониялық Севонрет Окадзавадан ұтылып қалды

Қазақ боксшыcs Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. 

67 келіде шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда жапониялық Севонрет Окадзавадан ұтылып қалды. Нәтижесінде отандасымыз әлем чемпионатының үшінші қола жүлдесіне қол жеткізді. 

Айта кетері, Абылайхан Жүсіпов осыған дейін 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатының жартылай финалында қарсыластарына жол берген.

Белград шаршы алаңында кешкі сессияда Қазақстан сапынан Серік Теміржанов пен Сәкен Бибосынов жарыстың финалдық жолдамасын сарапқа салады.

Оқи отырыңыз:

  • Қазақ боксшысының нокауты Халықаралық бокс қауымдастығын таңдандырды – видео
  • Жүсіпов жеңген жекпе-жек төңірегінде жанжал туындады – видео
  • Қазақ боксшысы өзбекстандық кәсіпқойдан басым түсті – видео

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть