Спoрт

«Сәкен сөзінде тұрды»: Мырзағали Айтжанов сұхбат берді

Сәкен Бибосынов Токио ойындарынан кейін екі апта демалып, қайтадан жаттығуға кіріскен

Бокстан әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосыновтың жеке бапкері Мырзағали Айтжанов дүбірлі сынға шәкіртінің қалай дайындалғанын айтып берді, деп жазды Olympic.kz.

«Олимпиададан кейін қайтадан шыңға шығу өте қиын. Токио ойындарынан кейін екі апта демалып, қайтадан жаттығуға кіріскенбіз. Сол кезде Сәкеннен қайталап сұрадым. «Мүмкін, қатыспай-ақ қоярсың, демаларсың» дедім. Бірақ ол өз ойынан қайтпай, Олимпиадада кеткен есесін қайтаратынын айтты. Мінеки, тынымсыз дайындалған Сәкен сөзінде тұрды, әлем чемпионы атанды», — дейді Мырзағали Айтжанов.  

Бапкер мұның бәрі еңбекпен келгенін атап өтті.  

Белградтағы әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда ол америкалық Роско Хилдан басым түсті.

Оқи отырыңыз:

  • Тоқаев боксшыларды әлем чемпионатындағы жеңіспен құттықтады
  • Алғашқы алтын: Теміртас Жүсіпов бокстан әлем чемпионы атанды – видео
  • Дикий Арман спортшыларға ақша таратты – министрлік не дейді

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть