Спoрт

Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының финалына шықты

Теміртас биылғы әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақстандық спортшы атанды

Қазақ боксшысы Теміртас Жүсіпов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Сербия астанасында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері басталды. 

48 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Теміртас Жүсіпов Беларусь спортшысы Евгений Кармильчикпен кездесті. Тартысты жекпе-жек 5:0 есебімен Теміртас Жүсіповтың еншісіне шешілді. Осылайша Теміртас биылғы әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Айта кетері, әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан сапынан тағы төрт спортшы, атап айтқанда, Сабырхан Махмұд, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов және Абылайхан Жүсіпов қолғап түйістіреді. 

Оқи отырыңыз:

  • Қазақ боксшысының нокауты Халықаралық бокс қауымдастығын таңдандырды – видео
  • Жүсіпов жеңген жекпе-жек төңірегінде жанжал туындады – видео
  • Қазақ боксшысы өзбекстандық кәсіпқойдан басым түсті – видео 

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть