Саясат

Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады

2020 жылы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы онлайн режимде өтті. Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттері қатысты

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазанда ТМД-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кеңес бейнебайланыс режимінде Беларусь Республикасының төрағалығымен өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«ТМД елдерінің басшылары достастық аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жағдайы мен перспективаларын талқылайды», — деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Айта кетері, 2022 жылы ТМД ұйымына Қазақстан төрағалық етеді.

2020 жылы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы онлайн режимде өтті. Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттері қатысты.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы – 1991 жылы 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.

Оқи отырыңыз: 

  • Тоқаевтың Қытай төрағасымен не туралы сөйлескені белгілі болды
  • Желіде Тоқаевтың бейресми кездесуінің суреті жарияланды
  • Тоқаев бейнеүндеу жасады

Дереккөз

Теги

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть