Саясат

Тоқаев Желтоқсан оқиғасы туралы мәлімдеме жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасын еске алды

АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желтоқсан оқиғасына 35 жыл болғаны туралы жазды.

«Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды», — деп жазды президент Twitter парақшасында.

Айта кетері, 1986 жылдың 17-18 желтоқсанда бұрынғы Қазақ КСР астанасы Алматыда сол кездегі коммунистік биліктің шешіміне қарсы жаппай наразылықтар мен халық көтерілістері түрінде болған қазақ жастарының үн қосуы Желтоқсан оқиғасы деген атпен белгілі.

Оқи отырыңыз:

  • Түрмедегі соңғы күн: Қайрат Рысқұлбековтің өліміне кім кінәлі? 
  • Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: маңызды оқиғалардың хронологиясы — видео
  • Депутат Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға құқықтық мәртебе беруді ұсынды

Дереккөз

Теги

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть