Саясат

Назарбаев нені армандайды

Елбасы Нұр-Сұлтан қаласының болашақтағы келбетін қалай елестететінін айтып берді

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданың 20-30 жылдан кейінгі келбетін қалай елестететінін айтып берді.

«Арман болмаса, өмір сүру қиын. 20-30 жылдан кейін Нұр-Сұлтан 3-4 миллион адам тұратын үлкен қалаға айналады. Қала әлемдегі ең ірі қалалардың қатарына қосылады», — деді Елбасы «Қазақстан» телеарнасында көрсетілген «Тұңғыш» фильмінде.

Назарбаев елорданың Азия мен Еуропа арасындағы ең ірі қалаға айналғанын армандайды.

Елбасы қалада (Нұр-Сұлтанда) өзеннің болуы әрдайым ұнағанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл ерекше мәнге ие.

«Жайықтың жағасында Атырау тұр, ол уақытта өте жүдеу еді. Қызылорда Сырдарияның бойында орналасқан – ол жақтың жағдайы өте нашар, экология. Ал Нева бойындағы Санкт-Петербург, Мәскеу өзенінің жағасындағы Мәскеу секілді елорданың өзен бойында тұруы – бұл ерекше айқын көрініс. Қазақстанда ортасынан өзен ағып жатқан жалғыз қала. Қазақстанның салыстырмалы орталығы», — деп түйіндеді Назарбаев.

Оқи отырыңыз:

  • Назарбаев Горбачевтің кабинетінде қандай келеңсіз жайтқа куә болғанын еске алды
  • Қазақстан алдағы жүз жылда ешкімге соғыс ашпайды – Назарбаев
  • Елбасы отставкасы жайлы: мені мәңгі президент ретінде қалдырғысы келді

Дереккөз

Теги

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть