Видео

Елордада әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды – видео

Нұр-Сұлтанда «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Іс-шара Nomad City Hall концерт залында ұйымдастырылып, отандық эстрада әртістерінің концертімен жалғасты.

Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Nur Otan партиясы қалалық филиалының қолдауымен ұйымдастырылған дәстүрлі байқау бес номинация бойынша өткізілді: «Әлеуметтік қорғау саласындағы үздік мемлекеттік қызметші», «Әлеуметтік қорғау саласындағы үздік азаматтық қызметші», «Үздік әлеуметтік қызметкер», «Әлеуметтік қорғаудың үздік мекемесі» және «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым».  Жобаға қатысуға 40-тан астам өтінім түсті. Жеңімпаздарды арнайы байқау комиссиясы анықтады.

Марапаттау рәсімі мен жеңімпаздардың әсерін видеодан тамашалаңыз.

Дереккөз

Теги

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть