Видео

Қазақстан мен Өзбекстан қарулы күштері бірлескен оқу-жаттығу өткізді – видео

Бірлескен оқу-жаттығудың ашылуы Өзбекстанның оңтүстігіндегі «Термез» өңірлік полигонында өтті. Қазақстан мен Өзбекстан Қарулы күштері өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен тапсырмаларды пысықтайды

Оған Қазақстаннан 100-ден астам әскери қызметші қатысып, сонымен қоса Су-30СМ көпфункционалды жойғыш буыны, С-295 әскери-көлік ұшақтары, тактикалық ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылған.

Оқу-жаттығу барысында қазақстандық бөлімшелер іздестіру-барлау іс-қимылдарын жүргізу, қарсыластың ойламаған жерден жасаған шабуылының алдын алу, оның озық жасақтарын жою, заңсыз қаруланған құралымдардың шабуылына тойтарыс беріп, оларды жою, сондай-ақ ұрыс даласынан жарақат алғандар мен істен шыққан техниканы көшіру сынды тапсырмаларды орындайды.

«Түрлі оқу-жауынгерлік тапсырмаларды шешу барысында бұл оқу-жаттығу екі ел әскерлерінің өзара іс-қимылын үйлестіру мен деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Бас қолбасшының орынбасары, Құрлық әскерлерінің бас штаб бастығы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров.

«Hamkorlik-2021» бірлескен оқу-жаттығуы 24 қарашаға дейін жалғасады.

Дереккөз

Теги

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть