10 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады
2021 жылдың 10-20 қараша аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
10 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
09.00 — Үкімет отырысы. Күн тәртібінде:
- Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай;
- 2021 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы;
- Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарының жобасы;
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының аяқталуы.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көруге болады.
10.00 — Мәжіліс отырысы өтеді. Отырысты онлайн режимде мәжіліс сайтынан және YouTube-тен көруге болады.
16.30 — Орталық коммуникациялар қызметінде «Аңсаған сәби» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған баспасөз конференциясы өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz; https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
«Русская красавица» көрмесі. Шараны «Перспектива» оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен Нұр-Сұлтандағы Русский дом мен Мемлекеттік этнографиялық музей (Санкт-Петербург) ұйымдастырады. Экспозиция келушілерді 10 желтоқсанға дейін қуантады. Алдын ала жазылу бойынша ғана кіруге болады. Байланыс телефондары:+7 (7232) 51-09-33; +7 777 269-51-23) (Өскемен, «Алтай» технопаркі, Серікбаев көшесі, 37)
Қазақтың майдангер жазушылары жайлы онлайн-жоба. Нұр-Сұлтандағы Русский дом YouTube-каналында ерекше жоба басталды. Алғашқы серияны мына сілтеме арқылы көруге болады.
8-14 қараша аралығында Алматы мен Өскемен қалаларында «Бажов Қазақстанда» халықаралық жобасының аясында орыс жазушысы Павел Бажовқа арналған оннан аса әдеби кеш, шығармашылық кездесу өтеді.