Аңдатпа

Қазақстанда 5 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

5-7 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

5 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде қаралатын мәселелер: Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары, су арналары мен су қоймаларының құрылысы және оларды реконструкциялау мәселелері. Үкімет отырысының тікелей көрсетілімін PrimeMinister.kz сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан көруге болады.

12.30 – Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы «Жәбірленушілерге өтемақы қоры және адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы. Спикер: ІІМ Тергеу департаментінің басшысы, полиция полковнигі Әділов Санжар Әскенұлы (Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz).

халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы 7 қазанда Нұр-Сұлтандағы мультимедиалық баспасөз орталығында танымдық SputnikPro жобасын өткізеді. «Россия сегодня» ХАА жетекші мамандары Мария Крузе мен Дмитрий Буданцев «YouTube: смартфондағы жобадан бастап жеке студияға дейін», » YouTube-каналда контентті монтаждау мен безендіру» тақырыптарында мастер-класс өткізеді.

Сарапшылар «YouTube-каналды» дамыту мен құру, аудитория жинау, канал қандай себепті банға кетуі мүмкін, мінсіз контент құрудың әдісі, үздіксіз дамудың тәсілі туралы тәжірибесімен бөліседі. SputnikPro мастер-класы оффлайн форматта өтеді. Эпидемияға қарсы іс-шараларға байланысты қатысушылар саны шектеулі. Шараға кіру алдын ала аккредиттеу арқылы жүзеге асырылады. Шараға қатысқысы келетіндер a.nurgazinova@sputniknews.com поштасына хат жолдау немесе +7 (7172) 47-26-73, +7 747 220 74 01 нөмірлеріне хабарласу арқылы аккредитациядан өте алады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Дереккөз

Теги

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть