Қоғам

Тоқаев қазақстандықтарды ұлттық валюта күнімен құттықтады

Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі, деді президент

АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі», — деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

​Айта кетері, 15 қараша – Қазақстанның ұлттық валюта күні. Ол айналымға осыдан 28 жыл бұрын, 1993 жылы енгізілді.

Оқи отырыңыз: Ұлттық валюта күні: теңгеге 28 жыл толды 

1993 жылы 12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Ал 15 қарашадан бастап теңге елдегі есептесетін ақшаға айналды.

Дереккөз

Теги

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть