Экономика

Ресей Қазақстанға электр қуатын жеткізеді

Ресей бұрынғы кеңестік одақтас республикалармен салыстырғанда технологиялық және энергетикалық салада әлдеқайда ілгерілеген

Күні кеше Қазақстан Мәскеуге қысқа мерзім ішінде электр энергиясын жеткізуді ұйымдастыруды өтініп хат жолдағаны белгілі болды. Бұл туралы «Интер РАО» басқарма төрағасы Борис Ковальчук ресейлік премьер-министр алдында баяндама оқыған кезде мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.

Мұндай өтініш жолдауға республикадағы генерацияның тапшылығы себеп болды. Ал тапшылық туындауына өнеркәсіптік парктің ескіруі, оны модернизациялаудың бәсең жүруі және тұтыну деңгейінің артуы ықпал етіп отыр. Сонымен қатар Қытайдағы компаниялардың өз елінде қысым көріп, Қазақстанға жаппай қоныс аударуы да әсер етті.

Бұл жағдай бірнеше фактіні айқындап отыр. Біріншіден, Ресей бұрынғы кеңестік одақтас республикалармен салыстырғанда технологиялық және энергетикалық салада әлдеқайда ілгерілеген. Екіншіден, сол республикалар Мәскеумен ынтымақтастықты дамытуды көздейтіні анық байқалады. Оған Ресейдің әскери өнеркәсібіндегі жаңа техниканың еш ықпалы тиген жоқ.

Ал Қазақстандағы энергияға қатысты проблеманың туындағанына біраз уақыт болды. Ресейдің оңтүстігіндегі көрші ел жалпы қуаты 20 гигаватқа шамалас болатын жүз елуге жуық электр станцияларына иелік ете отырып, өз қажеттілігін қанағаттандырумен қатар электр энергиясын экспортқа шығарып отыр. Нұр-Сұлтан кеңес кезінен келе жатқан өз энергетика секторын нақты модернизациялауды күні кеше ғана бастады. Ал жылу және гидроэлектр станцияларын қайта жабдықтау жылдам бітетін шаруа емес және қомақты қаражатты талап етеді.

Мұндай жоба ұзақ уақытқа созылатындықтан, энергия теңгерімі құрылымында басты рөлді әлі де көмір атқарып келеді және жылу өндірудің жартысы мен электр жарығының 70 проценті осы көмірдің үлесінде. Қалғаны мұнай мен табиғи газ есебінен қамтылып отыр. Ал ауқымды қаражатты қажет етуі Нұр-Сұлтанды шетелдік инвесторларды тартуға мәжбүрледі. Қарабатандағы көмір станциясын модернизациялау секілді кейбір жағдайда шетелдіктер тек қосалқы мердігер ретінде жұмылдырылса, басқа нысандарда мемлекеттік мүліктің бір бөлігімен қош айтысуға тура келді. Мысалы, Өскемен және Шүлбі гидроэлектр станцияларына қатысты Қазақстан кәсіпорын акциясының бір бөлігін емес, жүз процентін түрік компанияларына тапсыруы керек болды.

Сонымен қатар Қазақстанда физикалық және инфрақұрылымдық сипаттағы тағы бір проблема бар. Егер ел картасын қолға алып, оны электр жеткізуге арналған магистральді желілер арқылы қараса, қызықты жағдай анықталады. 110-150 киловольтті қазақ желілері ағаш іспеттес: оның қалың тармақты «тамырлары» Алматы өңіріндегі оңтүстік пен Шымкентке қарай шығыс бөлікте, ал ұшарбасы елорда мен Қарағанды аймағындағы солтүстікте Ақтөбе, Сарыбай, Ақмола, солтүстік және шығыс учаскелерді қамтып отыр.

Яғни елде солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан магистральді жалғауыш арқылы бірігіп тұрған екі алып энергия торабы бар. Ол екеуі де ұлттық жүйенің бөлігі болғанымен, Қазақстанның солтүстігі және оңтүстігі өнеркәсіптік даму мәселесінде жарысуына байланысты өзінің операциялық қызметін тек шартты түрде орындап отыр.

Мұндай ахуал энергия қуатын маневрлеу және оның ағысын ұйымдастыруды қиындатып жіберетіні анық. Егер солтүстік өңірлер жеті энергия көпірі арқылы Ресеймен байланысты болса, онда оңтүстікті энергиямен қамту шешуді талап етіп отыр.

Осыған байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда алғашқы атом электр станциясы салу мүмкіндігін қарастыру бойынша Владимир Путинге үндеу жолдады.

Нұр-Сұлтанның қолында осындай қуаттағы генерация нысаны болса, елдегі көптеген түйткілді мәселенің түйіні шешіліп, көмірден бас тартып, жасыл экономикаға біртіндеп көшуге және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанға бағытталған электр экспорттаушы мәртебесін сақтап қалуға болар еді.

Атом электр станциясы туралы басқа ақпарат жоқ. Бірақ Қазақстан осы қысқа 800 мегаватт тапшылықпен аяқ басқаны туралы мәлімет тарады. Бұл тұтынудың күрт өсуіне байланысты жоспарлы жұмысқа жұмылдырылған бірнеше генерация нысанының тұралап қалуынан туындады. Тұтыну көлемінің өсуіне Қытай майнерлерінің өте көп көлемде электр энергиясын тұтынатын өз фермаларын қазақ жеріне көшіруі себеп. Қытай тұрмыстық және өнеркәсіптік секторда энергия тапшылығын тудырып отырған майнерлермен күрес жүргізу кезінде қаланың бүтіндей бір ауданын жарықтан ажыратуы салдарынан криптовалютаны сүйетіндер көрші елдерге қоныс аударды.

Бұл өзгерістердің ауқымын ұғыну үшін соңғы жылда майнингке жұмсалатын әлемдік энергиядағы Қытай үлесі 75-тен 46 процентке дейін азайғанын айтуға болады. Ал Қазақстанда керісінше бұл көрсеткіш алты есе артып, бүгінде сегіз процентке жуықтады. Осының арқасында республика ҚХР мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орынға шықты.

Қазақстан билігі майнингпен күресе ме, әлде ферма иелерін елге тартуды жалғастыра ма, ол жағы белгісіз. Аудан мен қалаларды жарықтан ажырату ел билігі үшін ерсі қадам болар еді. Сондықтан Ресейге энергия жеткізуді қамтамасыз ету бойынша өтініш жолдады. Ал Ресей көмектесе ала ма?

Ия, көмектесе алады. Қазіргі уақытта Ресейде резервте шамамен 50 гигаватт өндірістік қуат бар. Кезінде ресейлік энергетканы модернизациялау кезінде бұл станциялар мен агрегаттар жылына үш процент өнеркәсіптік өндіріс өсімін қамтамасыз етуі керек резерв ретінде сақталды. Пандемиямен өткен соңғы екі жыл бұл жоспардың күл-паршасын шығарып, нысандар тұралап қалды. Қаражат жеткілікті болса, Ресей Қазақстанның бүкіл тапшылығын қамтамасыз етуге қауқарлы.

Борис Ковальчук өз басқаруындағы «Интер РАО» 2021 жылдың қорытындысы бойынша 90 миллиард рубль таза табысқа шығатынын мәлімдеді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 20 процентке жоғары болады.

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть