Саясат

Тоқаев Маминді Шотландияға жіберді

Іс-шараға 200-ге жуық елден делегат келуі мүмкін. Олар климаттың одан әрі өзгеруі мен климат әсерін азайту жөніндегі шараларды талқылайды.

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге Шотландияға баруды тапсырды. Премьер-министр ол жақта БҰҰ негізгі конвенциясына қол қойған елдер конференциясының кезекті сессиясына қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-пинистр Асқар Маминге COP26 климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына қатысатын Қазақстан делегациясын басқарып баруды тапсырды»,- деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Жиын Шотландияның Глазго қаласында өтеді. Климаттың өзгеруіне байланысты БҰҰ конференциясының 26-сессиясын Ұлыбритания мен Италия 2021 жылдың 31 қазан – 12 қараша аралығында Глазгодағы Шотландия конгресс-орталығында ұйымдастырады.

Іс-шараға 200-ге жуық елден делегат келуі мүмкін. Олар климаттың одан әрі өзгеруі мен климат әсерін азайту жөніндегі шараларды талқылайды.
Іс-шара бастапқыда 2020 жылдың қарашасында өткізілуі керек еді, алайда коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды.

Оқи отырыңыз:

  • ЕАЭО басшылары одақтың климат туралы мәлімдемесін қабылдайды – Тоқаев
  • Трансшекаралық су объектілері: Қазақстан мен Ресей сарапшылары не талқылады

Дереккөз

Теги

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть