Жеңіске тағзым

Нұр-Сұлтанда Талғат Бигелдиновтің алып мүсіні ашылды – фото

Осы күндері батырдың есімі әуе қорғанысы күштерінің әскери институты мен Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебіне берілген

Елордада 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Photo : пресс-служба министерства обороны КазахстанаӘскерилер есткерткіш алдына гүл дестесін қойды

Алып мүсін Сарыарқа даңғылы бойындағы Кенесеры мен Абай көшесінің ортасындағы аллеяда орналасқан. Дәл сол жерден Талғат Бигелдинов көшесі басталады. Ескерткіш қоладан және граниттен жасалды. Мүсінші – Нұрлан Далбай,  ал сәулетші – Расул Сатыбалдиев. Олар Ұлы Отан соғысы жылдары кезіндегі жас ұшқыш Бигелдиновтің бейнесін жасап шықты. Батырдың кеудесінде медальдары да бейнеленген.

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов соғыс жылдары ИЛ-2 шабуылдаушы ұшағымен 305 рет аспанға көтерілді. Батылдығы мен ерлігі үшін Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, Қызыл Жұлдыз, III дәрежелі Даңқ, I және II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды, екі рет Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Sputnik / Иосиф БудневичЕкі рет Кеңес Одағының Батыры атанған Талғат Бигелдинов

Ол соғыстан кейінгі жылдары әскери және азаматтық авиация саласында жұмыс істеді, қоғамдық қызметпен айналысты. Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты мен Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебіне батырдың есімі берілген. Аталған оқу орындарының аумағында аты аңызға айналған ұшқыштың ескерткіштері тұр. Енді тағы бір мүсін астананың ортасында ашылып отыр.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Талғат Бигелдиновтәң қыздары – Галина мен Райхан да қатысты.

Дереккөз

Теги

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть