Инфографика
Еуропа чемпионаты – 2020: 1/8 финалының ойын кестесі
Еуропа чемпионатында 24 құрамадан 16 команда қалды. Ертең Уэльс пен Дания ширек финалға жолдама кімге бұйыратынын анықтайтын болады.
Еуропа чемпионаты топтық кезеңнің өзінде спортсүйер көрерменге әсерлі көңіл-күй сыйлады. Ертең, 26 маусымда 1/8 финал басталып, қызықты тартыстар өтеді. Назарларыңызға Sputnik Қазақстанның матч өтетін күн мен уақыт кестесін ұсынамыз.
- 26 маусым, 22:00: Уэльс — Дания («Амстердам-Арена», Нидерланды);
- 26 маусым, 01:00: Италия — Австрия («Уэмбли», Лондон);
- 27 маусым, 22:00: Нидерланды — Чехия («Пушкаш Арена», Будапешт);
- 27 маусым, 01:00: Бельгия — Португалия («Олимпико де Севилья — Ла Картуха», Севилья);
- 28 маусым, 22:00: Хорватия — Испания («Паркен», Копенгаген);
- 28 маусым, 01:00: Франция — Швейцария (Ұлттық стадион, Бухарест);
- 29 маусым, 22:00: Англия — Германия («Уэмбли», Лондон);
- 29 маусым, 01:00: Швеция — Украина («Хэмпден Парк», Глазго).
Ойын уақыты Нұр-Сұлтан уақыты бойынша көрсетілген.
Еске салсақ, Түркия, Ресей, Польша, Венгрия, Солтүстік Македония, Шотландия, Финляндия және Словакия құрамалары турнирден шығып қалды.