Оқиға

Air Astana ұшағы Алматы әуежайына оралуға мәжбүр болды

Әуе компания қазіргі уақытта ұшақтағы ақауды жою бойынша техникалық жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады

 Air Astana әуе компаниясы Алматы — Нұр-сұлтан бағыты бойынша ұшып шыққан Embraer 190 Е2 әуе кемесі әуежайға қайта оралғанын хабарлады.

«Сағат 16.50-де Алматы-Нұр-сұлтан рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының Embraer 190 Е2 ұшағы Алматы әуежайына оралды. Қону штаттық режимде өтті. Ұшақты ауыстырғаннан кейін жолаушылар  жергілікті уақыт бойынша 21.50-де қайта жолға шықты. Ұшақты қайтаруға командир мен екінші ұшқыштың жол жылдамдығы индикаторы көрсеткішіндегі айырмашылық болуы қайтуға себеп болған», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ақауды жою үшін техникалық жұмыстар жүргізілуде, деп толықтырды авиакомпания. Ұшу алдында ұшақ барлық қажетті тексерулерден өткен.

Еmbraer 190 Е2 ұшақтары ел ішінде және көрші елдерге баратын бағдарларда пайдаланылады. Embraer 190 моделі флоттан шығарылған.

Оқи отырыңыз: 

  • «Жағамызды ұстадық» Қазақстандық стюардессаның ашық әңгімесі
  • Ұшақтағы жанжал: актер әйелінің желіні дүрліктірген әрекетін түсіндірді
  • Мәскеудегі ұшақ апаты: министр Қазақстанда Superjet ұшағы бар екенін айтты

Дереккөз

Теги

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть