Инфографика

Еуропа чемпионаты – 2020/2021: үшінші турдың кестесі

Жиырмасыншы маусымда Еуро 2020/2021 чемпионатының үшінші туры басталды. Римде Италия – Уэльс пен Бакуде Швейцария – Түркия кездесуі өтті

 

Еуропа чемпионаты тура бір айға – 2021 жылдың 11 маусымынан 11 шілдесіне дейін созылады.

Бұл чемпионат Францияда өткен тұңғыш турнирдің 60 жылдығына арналған болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты спорт шарасын 2020 жылдан 2021 жылға ауыстыруға тура келді.

Тартысқа толы жарыс қай күндері және нешеде өтетінін Sputnik инфографикасынан оқыңыз.

Еуро-2020 үшінші турының кестесі

Еуро 2020/2021 топтық кезеңінің үшінші туры Италия мен Уэльс, сондай-ақ Швейцария мен Түркия құрама командаларының арасында өтетін жарыспен ашылды.

Римдегі Олимпиада стадионы (Трансляцияның басталуы — Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00)

Бакудегі Олимпиада стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00)

Амстердамдағы «Йохан Кройфф Арена» стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00)

Бухарестегі Ұлттық стадион (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00)

Копенгагендегі «Паркен» стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22 маусым сағат 01:00)

«Газпром Арена» стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22 маусым сағат 01:00)

Лондондағы «Уэмбли» стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23 маусым сағат 01:00)

Глазгодағы «Хэмпден Парк» стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23 маусым сағат 01:00)

Санкт-Петербургтегі «Газпром Арена» стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00)

Севильядағы Олимпиада стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00)

, Будапешттегі «Пушкаш Арена» (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 24 маусым сағат 01:00)

Мюнхендегі «Альянц Арена» (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 24 маусым сағат 01:00.

Еуропа чемпионатына кім қатысады

Жарысқа 24 команда қатысады: 20 команда біліктілігі бойынша өтсе, тағы төрт құрама УЕФА – Ұлттық лига турнирінің арқасында қатысады.

F тобындағы құрамалар арасындағы жарыс ең тартысты ойын болады деп күтілуде. Мұнда Әлем (Франция) мен Еуропаның (Португалия) қазіргі чемпиондары және алдыңғы әлем чемпиондары (Германия) жиналған.

Бір айға созылатын турнир кезінде жанкүйерлер 51 ойынды тамашалай алады: 36 ойын топтық кезеңде өтеді және тағы 15 кездесу плей-офф аясында өтеді.

Еуро-2020 қай қалаларда өтеді

Еуропа чемпионатының матчтары он бір қалада өтеді: Амстердам, Баку, Будапешт, Бухарест, Глазго, Копенгаген, Лондон, Мюнхен, Рим, Санкт-Петербург және Севилья.

Турнирдің бас қаласы — Лондон. Дәл осы шаһарда құрамалар арасындағы сегіз кездесу, оның ішінде шешуші кездесулер — жартылай финал мен финал өтеді.

Көрермендерге стадиондарға кіруге рұқсат беріледі. Бірақ стадионның көрермендерге толу деңгейі 50%-тен аспауы керек. Турнирдің бойтұмары ретінде фристайл мен көше футболын жақсы көретін Скиллзи атты ұл бала таңдалды.

 

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть