Альбиностар арасындағы сұлулық байқауы қалай өтті – видео
Оңтүстік Африка республикасында альбиностар арасындағы алғаш сұлулық байқауы өтті. Шараның мақсаты — генетикалық ерекшелігі бар адамдарды кемсіту мәселесіне қоғам назарын аудару
Көптеген африкалық елде альбинизмі бар адамдарды кемсіту, зорлық-зомбылық көрсету мәселесі өзекті.
Оларды жиі ұрлап, өлтіріп, қара нарықта мәйітін сатады.
Сондықтан байқау ұйымдастырушылары африкалықтардың альбиностарға деген қарым-қатынасын өзгертуді көздеп отыр.
«Бұл өте маңызды бастама. Осындай адамдарды өлтіретіндерге айтарымыз: «Бізде де сол ген болуы мүмкін», — деді байқау ұйымдастырушысы Годфри Мфатсве.
Альбинизм — тұқым қуалайтын дерт, адамда толықтай немесе аздап меланин пигменті болмайды.
Ерекше адамдар арасындағы байқау қалай өткенін видеодан көре аласыз.