Елорда тынысы

Дүрбелеңге салынбаңыз: Нұр-Сұлтанда мектепте не болып жатыр

Елордадағы №29 мектепте жоспарланған оқу-жаттығу өтіп жатыр. Полиция бұл аумақта көлік қозғалысы шектелуі мүмкін екенін ескертті

Нұр-Сұлтанда терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб «Нұр-Сұлтан-Антитеррор-2021» оқу-жаттығуын өткізіп жатыр.

Горький көшесі, 22 мекенжайында орналасқан №29 орта мектептің аумағындағы оқу-жаттығу бүгін сағат 8:00-де басталды, ол 13:00-ге дейін жалғасады.

«Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарында терактіні жою дағдыларын тәжірибе жүзінде қолдану», — деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығулар жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылғаны аталып өтті.

«№29 орта мектептің аумағында көлік қозғалысын шектеу шаралары қарастырылған», — деп толықтырды полиция.

Тәртіп сақшылары астаналықтарды өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.

Оқи отырыңыз:

  • «Миллиондаған шығынды өтейсіз»: полиция ата-аналарға ескерту жасады
  • Ақтөбеде белгісіз біреу тағы бір мектепке «бомба қойды»
  • Ақтөбеде 6 мектепте салтанатты шара тоқтатылып, адамдар қауіпсіз жерге шығарылды

Дереккөз

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»
Закрыть
Закрыть